Көкшетау қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 20 ақпан күні №7 «Айша» балабақшасында мектепке дейінгі мекемелерінің өзге ұлт қызметкерлері арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тілінің білгірі - 2019» қалалық байқауы өтті. Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың 9 қызметкерлері қатысты.
Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілді игерген, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді қолдану мәртебесі мен тіл мәдениеті деңгейін көтеру болып табылады.
Байқауда тіл байлығы, көркем сөз мәдениеті, өз ойын еркін жеткізе алуы, сонымен қатар қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алуы, сөйлем құрау шеберлігі бағаланды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі қатысушылар жеңіп алды:
Бас жүлде Шумейко Александр Михайлович – №10 «Алтын бала» балабақшасының электригі.
1 орын Авдеенко Маргарита Юрьевна - №11«Арай» балабақшасының би жетекшісі.
2 орын Жукова Мария Вальеревна - №12 « Мерей» балабақшасының тәрбиешісі.
2 орын Проскурякова Кира Владимировна №14 «Достық» балабақшасының тәрбиешісі.
3 орын – Чистяк Анастасия Александровна № 9 «Қарлығаш» бала бақшасының дефектологі.
3 орын –– Кукурика Виктория Викторовна №17 «Көктем» балабақшасының тәрбиешісі.
3 орын – Доберчак Ирина Леонидовна №3 «Ертөстік» балабақшасының тәрбиешінің көмекшісі.
Байқаудың қалған қатысушылары номинацияларға ие болды.
Конкурсқа қатысушылар Көкшетау қаласы білім бөлімінің мадақтамаларымен және сертификаттарымен марапатталды.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы уақытта табыстар тілейміз.