2019 жылғы 12-17 ақпан аралығында 8–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңі өтті.
Ғылыми жобалар байқауының негізгі мақсаты- ең таланты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, оларға қолдау көрсету, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру.
Ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңіне Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 МГ 11 сынып оқушысы Амангельдиева Жулдызай мен 10 сынып оқушысы Бекитова Тумарбике, №17 ОМГ 9 сынып оқушысы Серикова Умит және 11 сынып оқушысы Темиртасова Айгерім қатысты. Білім додасында Амангельдиева Жұлдызай (жоба жетекшісі Оспанова Сауле Акимовна) өз жобасымен жүлделі 2 орын иегері атанса, Темиртасова Айгерім (жоба жетекшісі Шакенова Сауле Аманжоловна) 4 орынды олжалап, грамотамен марапатталды.
Ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табыс тілейміз!!!