Текст
2022 жылдың 14-22 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі алғаш рет электронды форматта өтіп жатыр.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада прокторинг жүйесін пайдалана отырып, «Oqylyq» платформасы арқылы өтуде. Оқушыларға тапсырмаларды алу үшін жауап бланкісі, жеке логин және пароль берілді. Олимпиада «1 компьютер- 1 оқушы – 1 камера» принципі бойынша өткізілуде. Олимпиаданың бейнежазбасы және тікелей көрсетілім жүргізілуде. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары облыстық кезеңіне қатысады.