Текст
А.ж. 27 желтоқсаны күні «Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы IT лицейі» ММ базасында Көкшетау қаласындағы білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация» тақырыбындағы практикалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру және дамыту, кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында әдістемелік көмек көрсету; оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде қолданылатын заманауи білім беру технологияларын көрсету.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Мектептегі оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастырудағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қызметі» коучингі өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының әдістемелік ұсыныстар жинағының тұсаукесері өтті.
Семинарға қатысушылар IT-лицейдің кітапханасында болып, «Оқуға құштар мектеп» жобасымен танысты.
Лицей ұстаздары жиналғандарға оқу орнының цифрлық білім беру сайтының жұмысын көрсетті.
Сондай-ақ семинарға қатысушылар «Қазақтың 100 әні» жобасы аясындағы «Шаңырақ» оқушылар бірлестігінің жұмысымен танысты.