"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қадірлі әріптестер, ата-аналар, қымбатты оқушылар!

15.12.2021

Еліміздің ең ұлық мейрамы, барша Қазақстан халқының айрықша ардақты күні, мемлекетіміздің мерейлі мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

30 жыл бұрын  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатымен дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария етіп, мәңгілік ел болудың бірегей қадамы жасалды.

Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елі  бүгінде ғаламдық аренада кеңінен танылып, Қазақстан халқының бейбіт өмірі дүниежүзінде үлгі болып келеді. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осы уақыт аралығында бағындырған белестері,  әлемнің дамыған  елдерінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің толағай табыстары орасан.

Шын жүректен Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, молшылық, бейбітшілік, заман талабына сай білім мен тәрбие ісін жаңа сипатта дамытуда, тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне бағытталған  барлық бастамаларыңызға табыс, сәттілік тілеймін.    

Еліміз аман, аспанымыз ашық, мемлекеттігіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

           

«Ақмола облысы білім басқармасының

Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ

басшысы                                                                                      А.Нугертаева

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст