"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында ағымдағы жылғы 2 желтоқсанда «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының базасында 180 жылдық мерейтойына орай «Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы» семинар өткізді.

07.12.2021

Көкшетау қаласының 25 мектебінен 8 сынып оқушыларының 10 үздік жұмысы іріктеліп,  олардың авторлық материалдары жалпы жинаққа енгізілді.

         Семинарға жиналған қатысушылардың назарына ұсынылған жинақта  Көкшетау қаласы мектептер оқушыларының қазақ халқының ұлы ағартушы-жазушысы, қоғам қайраткері, жазушының талантын кеңінен жан-жақты ашатын шығармашылық жұмыстарымен жан-жақты таныстырылды.

Ыбырай Алтынсариннің «Адамды тек білім ғана бақытты, құдыретті етеді» деген нақыл сөзі барлық уақытта өзекті және ұлы ұстаз өсиетінің мағынасын оқушылардың мүмкіндігінше терең түсінгені абзал.

         Семинар соңында оқушыларға  сертификаттар беріліп, ал олардың жетекшілеріне алғыс хаттар ұсынылды. Сонымен бірге,  олардың әрқайсысына «Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы» атты материалдар жинағы сыйға тартылды.

Просмотров: 606

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст