05.11.2021
04.11.2021 жылы Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық акциясы аясында білім бөлімі бойынша «Отбасылық қолайсыздық пен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және балаларды орналастырудың отбасылық формаларын дамыту» тақырыбында семинар өткізілді.
Дүниежүзілік бала күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру біздің мемлекетімізде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың ерекше назар аударуының дәлелі болып табылады. Семинар барысында «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі К.Г. Джумабекова білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтерін «БАЛАЖАН» жобасымен таныстырды.
Қорғаншылық органының мамандары Отбасы құрылымы нысандары бойынша түсініктемелер, Балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша ұсынымдар берді.
Семинар соңында барлық қатысушылармен психологиялық тренинг өткізілді.