Текст
Ағымдағы жылғы 4 қарашада Көкшетау қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті жас ақындар мен прозаиктердің қатысуымен әдеби кеш өткізді. Әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің жайлы кітапханасында Көкшетау қаласы мектептерінің 24 оқушысы өздерінің авторлық туындыларын ұсынды.
Әдемі де әсерлі кеште жас авторлар өз өлеңдерін оқып қана қоймай, өздері туралы, мектеп өмірінен тыс қызығушылықтары туралы әңгімеледі.
Алғашқы әдеби кеш қатысушыларына олардың шығармашылық қызметінде өрлеу, шабыт және болашақта өнердегі жаңа қадамдарына сәттілік тілейміз.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы