"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№1 мектеп гимназиясында қала мектептерінің мұғалімдері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған алғашқы дебат турнирі өтті

05.11.2021

            А.ж. 3-4 қарашасы күндері Көкшетау қаласының №1 мектеп гимназиясында қала мектептерінің мұғалімдері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған алғашқы дебат турнирі өтті.

         Турнирге  қала мектептерінің 48 ұстазы қатысты.

         Пікірсайыс   Қазақ лигасында Британдық парламенттік форматта, ал, Орыс лигасында Америкалық парламенттік форматта өткізіліп, іріктеу кезеңінен, жартылай финал және финал ойындарынан тұрды.

         Сайыс қорытындысы бойынша төрешілер жеңімпаздар мен үздік спикерлерді анықтады.

         Қазақ лигасында:

Бас жүлде – №15 негізгі орта мектебінің ұстаздары,

1 орын –  №1 мектеп-гимназиясының ұстаздары,

2 орын – Красный Яр ауылының №1  орта  мектебінің ұстаздары,

3 орын – 11 мектеп-гимназиясының ұстаздары.

         Орыс лигасында:

1 орын – №12 орта мектептің ұстаздары;

2 орын – №19 орта мектептің ұстаздары;

3 орын –№6 мектеп-лицейінің ұстаздары.      

         Сонымен қатар, қазақ лигасы бойынша 11 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуаныш Мирас, орыс лигасы бойынша 12 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Орынбаев Данияр «Үздік спикер» атанды.

         Қазақ лигасының «үздік төрешісі» - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің  «Зияткер» командасының мүшесі Бегжан Нұрай, орыс лигасының «үздік төрешісі» - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің  «Правда» командасының мүшесі Жакимова Гаухар.

         Пікірсайысқа төрешілік еткен және қолдау көрсеткен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Зияткер», «Правда», «Ділмар» командаларының өкілдеріне алғыс білдіреміз.

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст