"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тарих, құқық және дінтану пәндері сабақтарында дебаттық форматты қолдану арқылы оқушылардың критериалды ойлау қабілеттерін арттыру» тақырыбында қалалық тарих пәні мұғалімдерінің семинары

05.11.2021

    «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің жоспарына сәйкес  2021 жылғы  3 қазан күні Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде «Тарих, құқық және дінтану пәндері сабақтарында дебаттық форматты қолдану арқылы оқушылардың критериалды ойлау қабілеттерін арттыру» тақырыбында қалалық тарих пәні мұғалімдерінің  семинары өтті.

     Семинар барысында ГТЛ тарих пәні мұғалімі Сарбасов Ғалым Шаяхметұлы «Монархия республикадан ең қолайлы» атты тақырыпта шеберлік сыныбынан үзінді және   дебат технологиясын сабақта пайдалану жолдары, оқушылардың  білім білік дағдыларын дамытуға  тигізетін әсері туралы әріптестерімен  ой бөлісті.

        №14 мектептің тарих пәні мұғалімі Абужусупов Жеңісбек Оразбекұлы биылғы қорытынды аттестация және ҰБТ тапсырмаларының құрылымдық ерекшеліктерін айтып семинарға қатысушы ұстаздар өзара іс- тәжірбиесімен алмасты.

      Жалпы семинар жұмысы барысында 2021-2022 оқу жылы бойынша дебат технологиясын қолдану жолдары, олқылықтардың орнын толтыру, қорытынды аттестация, ҰБТ-ге байланысты бірнеше өзекті мәселелер талқыланып ортақ шешімдер қабылданды.

Просмотров: 409


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст