Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 2 қараша күні информатика пәнінің мұғалімдері үшін «Тәжірибе алмасу-педагогтың табысты кәсіби өсуінің басты кепілі» оқыту онлайн - семинары өткізілді.
Аталған іс-шараға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 87 информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында мұғалімдер информатика пәнінен олимпиадалық есептерді шешу тәсілдерімен, World Robot Olympiad, KazRobotics жарыстарына қатысу тәжірибесімен танысты. Қала мектептерінің мұғалімдеріне мәлімет және жұмыс үшін білім беру интернет-ресурстары туралы ақпарат берілді.