"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі балалармен жұмыстың әр түрлі формалары арқылы вариативтік компонентті жүзеге асыру» тақырыбында әдіскерлер қоғамдастығының қалалық семинары

27.10.2021

         «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес 2021 жылғы қазан айының 22 күні «Мектепке дейінгі балалармен жұмыстың әр түрлі формалары арқылы вариативтік компонентті жүзеге асыру» тақырыбында әдіскерлер қоғамдастығының қалалық семинары өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты - педагогикалық тәжірибені кеңінен насихаттау, мектепке дейінгі тәрбиешілердің педагогикалық табыстарымен және шығармашылығымен таныстыру.

Семинар спикерлері ретінде қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі әдіскер Акаева Р.К. және «Ертөстік» балабақша МКҚК меңгерушісі Светличная Т.Н. сөз сөйледі.

      Семинарда педагогтердің бастамашылығы мен шығармашылығын дамыту, кәсіби белсенділікті, педагогикалық өнертабыс пен шығармашылықты ынталандыру сияқты білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелер қозғалды.

     Отырыс барысында бағдарлама авторлары «Ертөстік» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі Москаленко Е.А. және «Ертөстік» балабақшасы» МКҚК логопед педагогы Шаймерденова А.А.  инновациялық идеяларымен, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

    «Нұрай» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі Шарипова С.М. экологиялық білім берудегі педагогикалық тәжірибені тарату мәселесін назарға ұсынды.

         Семинар қорытындысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінде вариативті компонентке арналған бағдарламаларды алдағы уақытта қолдану бойынша ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 492


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст