27.10.2021
Көркем еңбек, дене шынықтыру, АӘТД, музыка пәндері апталығы аясында 2021 жылы 22 қазанда «Іс тігу шебері-2021» атты қалалық конкурс өткізілді.
Қазылар алқасының құрамында қалалық білім бөлімінің әдіскері, «Әулет» ТЖО қосымша білім педагогі, Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің оқытушысы енді.
Конкурс жаңа технология кабинетінде, қағидасына сай өтті. Қатысушы оқушылар фетр матасынан шаруашылық сөмкелер тігіп, безендірді.
Жарыс қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар берілді:
1 орын – №12 ЖОББМ – Сантаева Дильназ
2 орын – №17 МГ – Протосеня Анастасия
№21 ЖОББМ - Расулова Рамина
3 орын - №16 ЖОББМ – Олжабек Сануара
№ 4 ЖОББМ - Демидова Марина
№11 МГ - Токарчук Анна
№ 6 МГ, №8 ЖОББМ, С.Жүнісов ат. №18 МГ оқушылары әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды.