ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР! ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР!
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл бұл мемлекеттік мереке -ел тарихындағы айрықша маңызды кезең - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр.
Ата Заңымыз мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық принциптерін нығайтып қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуының бағытын айқындап берді. Конституция – бұл біздің береке-бірлігіміздің кепілдігі, еңбек ету, лайықты өмір сүру және жан-жақты үйлесімді даму үшін адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту, ұлтаралық келісім мен елдің гүлденуі болып табылады.
Еліміздің болашағы жарқын болып, өркендей берсін!
Сіздерге зор денсаулық, отбасында бақыт, береке-бірлік, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыстар тілеймін.
«Ақмола облысы білім басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
басшысының м.а. А.Ж. Мусина