"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАСТАУ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

29.06.2021

2021 жылғы 15-19 маусым аралығында онлайн режимінде stepik.org  платформасында 2-4 сынып оқушылары арасында XIV республикалық «Бастау» математикалық турнирі өтті.
Турнир бастауыш мектеп жасындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында өткізілді.
Бұл олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 48 команда – 2-4 сыныптан 144 оқушы қатысты. Сонымен қатар турнирге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, «Республикалық физика-математика мектептері» КЕАҚ, жеке білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясының командалары қатысты.
Турнир үш турда өткізілді: «Әу, баста!» (командалық сынақ); «Асық» (командалық сынақ); «Математикалық бәйге» (ауызша жеке сынақ).
Республиканың мықты математиктерінің қатарында Көкшетау қаласындағы әл-Фараби атындағы IT лицей мен № 17 мектеп-гимназиясының оқушылары өз білімдерін көрсетті.
ІІІ дәрежелі дипломмен № 17 МГ 2 сынып оқушысы Белоусов Максим марапатталды. Әл-Фараби атындағы IT лицейінің 3 сынып оқушысы Әмірхан Нұрай, 4 сынып оқушысы Рахадин Әділжан; № 17 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Тіржан Жалғас,  4 сынып оқушысы Бочкарев Эммануил құрмет грамоталарымен марапатталды.
Командалық есепте ІІІ дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласындағы әл-Фараби атындағы IT лицейінің оқушылары марапатталды.

«Бастау» республикалық турнирінің жеңімпаздары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
Жұлдыздарымызға маңызды зияткерлік олимпиадаларда табыс тілейміз!

Просмотров: 943


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст