Жаздың алғашқы күнімен келетін төл мерекелеріңіз — Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекені бүкіл әлемде балаларды қорғау күні және олардың сенімді болашағын қамтамасыз ету күні ретінде атап өтіледі.
Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін баласының шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Балалар адамзаттың болашағы, ал ересектер олардың бейбітшілік пен әл-ауқатта өсіп-өнуі үшін қажет нәрсенің бәрін жасауы керек.
Ендеше балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы, әр күндеріңіз шаттық пен күлкіге толы болсын. Ал ата-аналарға шыдамдылық, мейірімділік пен нәзіктік тілеймін. Ашық аспан астында бақытты өмір кешуге тілектеспін!
«Ақмола облысы білім басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
басшысы Д.У. Башарова