"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, мектеп бітіруші түлектер!

25.05.2021
 

Сіздерді Соңғы қоңырау мерекесімен және оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын. Соңғы қоңырау-бейқам және бақытты балалық шақтың аяқталуының, ересек өмірдің басталуының белгісі. Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.

Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Ал, мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін. 

Жас түлектерге сәт-сапар, ақ жол болсын!

 

«Ақмола облысы білім басқармасының

Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ

басшысы                                                                                   Д.У. Башарова   

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст