Текст
2–20 маусым аралығында эко-парк аумағында «Әулет» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Бабалар аманаты» этнолагерінің үш ауысымы өткізілді.
🌿 Лагерь барысында оқушылар үшін ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған түрлі танымдық және шығармашылық шаралар ұйымдастырылды:
🇰🇿 ұлттық ойындар,
🎎 қазақ халқының салт-дәстүрлерін танып-білу, шеберлік сабақтары, бауырсақ пісіру бойынша шеберлік сағаттары
👧🧒 Лагерьге жалпы 120 оқушы қамтылды.
Этнолагерь балалар үшін ұлттық мұраға терең бойлап, салт-дәстүрді құрметтеуге мүмкіндік берген жарқын алаңға айналды!