"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті оқушылар, ата-аналар, әріптестер!

30.04.2021

 

        Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Бұл күн еліміздің әрбір азаматы үшін Отанға деген сүйіспеншіліктің, дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығының, әрбір қазақстандықтың шынайы патриотизмінің символы болып табылады. Еліміздің барлық табыстары мен жетістіктері – бұл, ең алдымен, барлық қазақстандықтардың ұлы және мызғымас достығының нәтижесі. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Біздің еліміз әрбір  ұлттың тілін, салт-дәстүрін құрметтей отырып, қасиетті жерімізді өз Отаны деп санап, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетеді. Біздің әрқайсымыздың парызымыз - бірлікті сақтау, конфессияаралық және этносаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту ісіне өз үлесімізді қосу.
 Ендеше, қасиетті ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының жарқын болашағы мен кемел келешегі үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетейік!
Көктемнің осы тамаша күнінде сіздерге мерекелік көңіл - күй, ұзақ жылдарға денсаулық, барлық істеріңізге табыс, туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға амандық, біздің ортақ үйіміз-Қазақстан Республикасына гүлдену тілеймін!

 

«Ақмола облысы білім басқармасының

Көкшетау қаласы бойынша

білім бөлімі» ММ басшысы                                                        Д.У. Башарова

 

Просмотров: 608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст