"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 69-тармақтың талаптарын бұзушылыққа байланысты балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыруды қайта орналастырады.

24.01.2025

«Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 69-тармақтың талаптарын бұзушылыққа байланысты балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыруды қайта орналастырады. Жарнама мәтіні Ереженің 69-тармағының талаптарына сәйкес жаңа редакцияда ұсынылған. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын (бұдан әрі қарай – Қағидалар) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ келесі бағыттар бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды: - ғылыми-техникалық (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары); – 60 орын; - көркемдік-эстетикалық (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу) – 90 орын; - әлеуметтік-педагогикалық (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; интеллектуалды ойындар клубы) – 60 орын; - гуманитарлық бағыт (тіл курстары) – 50 орын; - туризм және өлкетану бағыты (тау туризмі; су туризмі; жорық; жартасқа өрмелеу; бағдарлау; үңгір туризмі; велоспорт туризмі; шаңғы туризмі; сауықтыру туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауылдық туризм; ғылыми туризм; тур гидтер, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, экологиялық өлкетану, мұражайтану, ат туризмі, жас тау құтқарушы, жол іздеуші-құтқарушы, археология) – 60 орын; - жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар) -100 орын. Конкурсқа қатысу үшін а.ж. 30 қаңтарға дейін (қоса алғанда) «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-ге құжаттарды әзірлеп, тапсыру керек. Ұйымдар басшының қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды білім беруді басқару органдары кеңсесінің Goovospitanie@mail.ru электрондық поштасына электрондық форматта жібереді. Құжаттарды электронды форматта мүмкін болмаған жағдайда, бұл құжаттарды білім басқармасы органдарының кңсесіне қағаз форматта жіберіледі. Ш.Кудайбердиев к-сі 57. Қағидалардың 66-т. сәйкес, Балаларды қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу оларда мынада құжаттар болған кезде жүзеге асырылады: 1) өтініш; 2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым Жарғысы (ереженің, құрылтай шартының); 3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау шарты; 4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалар; 5) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтер; 6) жоғары және бірінші санаттағы, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаттары бар педагогтердің олардың жалпы санынан педагогикалық құрамның жалпы санының кемінде 10 пайызы; 7) қосымша білім беру саласындағы Ұйымның жұмыс тәжірибесі (жарғыға, құрылтай құжаттарымен, шарттармен); 8) балаларға қосымша білім беру бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркеу; 9) рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сәйкес эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама; 10) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (сақтандыруларды) және оның техникалық сипаттамалары; 11) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) қосымша білім беру ұйымдарында күндізгі болу ұзақтығы төрт сағат және одан да көп болғанда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру; 12) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер; 13) өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері; 14) Нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптары. 14) нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптары. Нұсқаулыққа сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан (толымдылығына қарамастан) білім беру объектілері міндетті түрде жарақтандырылады: 1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығымен бекітілген бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау мен халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келетін құлақтандыру жүйесімен; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-ке бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу Қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келетін, полицияның жедел басқару орталықтарына немесе аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріне бейнебейнелерді жіберетін бейнебақылау жүйесі. 3) аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне шығара отырып, дабыл берудің мобильді және/немесе стационарлық құралымен (дабыл түймесі). Күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне дабыл сигналы түскен кезде ішкі істер органдарын дереу хабардар етеді; 4) кіруді бақылау және басқару жүйелері (турникеттер), мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін домофон жүйесі қолданылады. Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 24-30 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жүрізіледі. Бір балаға төленетін шығын қала жағдайында 12235 теңге, ауылда 12810 теңге. Комиссия құжаттарды тіркеу аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдар ұсынған (тігілген, нөмірленген, ұйым басшысының қолымен расталған) құжаттарды қарайды.

Просмотров: 848


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст