"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

семинар на тему «Мектепке дейінгі ұйымда вариативтік компонентті дамыту жолдары»

12.03.2021

Көкшетау қаласы мектепке дейінгі ұйымдарының ересек және мектепалды даярлық топтарының қалалық қоғамдастығының жоспарына сәйкес 12.03.2021 ж. «Әсел» бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымдардың ересек және мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымда вариативтік компонентті дамыту жолдары» тақырыбында қалалық онлайн семинар өтті. Қазіргі таңда үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімін ұйымдастыруға аса үлкен көңіл бөлініп отыр. Себебі, вариативтік білім беру – Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесін дамытудың негізгі ұстанымдары мен бағыттарының бірі болып табылады.

Семинар жұмысына «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі оқыту бойынша әдіскері Л.Ж. Мукатаева және Көкшетау қаласы мектепке дейінгі ұйымдарының мектепалды даярлық топтарының қалалық қоғамдастығының жетекшісі З.Х.Гарифулина қатысты.

Семинар жұмысы барысында мектепке дейінгі ұйымдарда вариативтік бөлімді ұйымдастыру ерекшеліктері туралы педагогтар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп,  дәстүрден тыс сурет салу жұмысы бойынша «Көңілді акварель», театр жұмысы бойынша «Шегіртке мен құмырсқа» тақырыптарында ашық көрсетілімдерді ұсынды. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, вариативтік бөлім бойынша өзекті мәселелерді талқылады.  Семинар жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар шығарылды.

Просмотров: 637


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст