"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеудегі ертегінің рөлі» атты онлайн семинар

02.03.2021

Ертегіден балалар қоғамның моральдық негіздері мен мәдени құндылықтары туралы ақпарат алады. Балалардың ой-өрісі кеңейеді, сөйлеу машықтарын, қиялын дамытады. Ертегілер балаларда адамгершілік, мейірімділік, жомарттық, еңбекқорлық, шыншылдық сияқты қасиеттерді дамытады. Мектеп жасына дейінгі баланы қарым-қатынас жасауға, басқалармен өзара әрекеттесуге үйрету маңызды.

"Болашақ" бөбекжайының базасында өткен «Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеудегі ертегінің рөлі» атты онлайн семинар дәл осы тақырыпқа арналды.

Семинар ағымдағы жылғы 2 наурызда мектепке дейінгі ұйымдардың орта және ересек топ тәрбиешілері қалалық қоғамдастығының жұмыс жоспарына сәйкес өтті. "Болашақ", "Тенгри", "Бөбек" бөбекжай-бақшаларының және «Жұлдыз» балабақшасының педагогтары осы тақырып бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда ұсынылған материалдар мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарына балалармен жұмыс істеуге көмектеседі, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеуге ықпал етеді.

Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст