Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерінің өзге ұлт қызметкерлері арасында «Қазақ тілінің білгірі - 2021» қалалық байқауы өтті. Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың 13 қызметкер қатысты.
Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілді игерген өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді қолдану мәртебесі мен тіл мәдениеті деңгейін көтеру болып табылады.
Байқауда тіл байлығы, көркем сөз мәдениеті, өз ойын еркін жеткізе алуы, сонымен қатар қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алуы, сөйлем құру шеберлігі бағаланды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі қатысушылар жеңіп алды:
Бас жүлде Кравченко Анастасия Петровна – «Зерек» балабақшасының тәрбиешісі.
1орын- Кухарских Вера Андреевна «Нұр бала» балабақшасының тәрбиешісі.
2 орын- Каравацкая Надежда Геннадьевна «Чунга-чанга» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі.
2 орын - Солодовник Олеся Анатольевна «Достық» балабақшасының тәрбиешісі.
3 орын – Белова Нина Петровна «Аққу» балабақшасының тәрбиешісі.
3 орын –– Дэр Елизавета Вячеславовна Ю.Гагарин атындағы балабақшасының тәрбиешісі.
3 орын – Карпова Татьяна Александровна «Арай» балабақшасының тәрбиешісі.
Конкурсқа қатысушылар Көкшетау қаласы білім бөлімінің мадақтамаларымен және сертификаттарымен марапатталды.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы уақытта табыстар тілейміз.