"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Авторлық бағдарламалар» тақырыбы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған қалалық семинар

19.02.2021

    Білім бөлімінің 2021 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес «Авторлық бағдарламалар» тақырыбы бойынша 2021 жылғы 19 ақпанда «Мерей» білім беру орталығының жанындағы «Чунга-Чанга» жеке балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты:педагогтарға жедел және белсенді түрде жеке тұлғаға бағытталған әдістемелік қолдау мен көмек көрсету.

 Семинарда мұғалімдердің жыл сайын өткізілетін Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына қатысуы туралы сұрақтар қойылып, соған байланысты оқу бағдарламасының вариативті бөліміне арналған авторлық бағдарламалар дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді.

Қатысушылардан 2019 жылғы «Ең үздік авторлық бағдарлама» атты Республикалық конкурстың қатысушылары: «Ертөстік» б/б тәрбиешісі Е.Москаленко, «Арай» б/б-ның дене шынықтыру нұсқаушысы Н.О.Аскарова, «Өркен» бөбекжайының тәрбиешісі О.Н.Мальцева сөз сөйледі. Педагогтар республикалық байқауда қатысу тәжірибесімен бөлісті, семинарға қатысушыларды авторлық бағдарламаны дайындауға қойылатын талаптармен таныстырды және бейнепрезентацияларын үлгі ретінде ала отырып, өздерінің авторлық жұмыстары туралы айтып берді.

Семинарға «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласының ББ мемлекеттік мекемесі» ММ  әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шәкен Үгіл Алпысқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы ББ мемлекеттік мекемесі» ММ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі  әдіскері Акаева Рауза Келмановна, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Университетінің әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы кафедрасының аға оқытушысы Смирнова Оксана Анатольевна қатысты.

Аталмыш шараға қатысушылар авторлық бағдарламаларды дайындау үшін барлық қажетті талаптар мен жағдайларды мәліметке алып, осындай кездесулер жұмыс тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік беретіндігін және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті.

Просмотров: 413

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст