Көкшетау қаласы мектепке дейінгі ұйымдардың қалалық қоғамдастығының жоспарына сәйкес мектепалды топ тәрбиешілеріне арналған "Нұр бала" балабақшасында қашықтықтан "Жаңа буын бүлдіршіндері үшін жаңа технологиялар. Оларды МДҰ жұмыс тәжірибесінде қолдану формалары мен тәсілдері" тақырыбында семинар өтті. Бұл бүгінгі күні өзекті тақырып, өйткені білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізу баланы тиімді тәрбиелеуге ықпал етеді. Ең бастысы- білімді беріп қана қоймай, балалардың танымдық қызығушылығын дамыту және заманауи педагогикалық технологиялар арқылы мектепке дейінгі және бастауыш мектепте оқытудың сабақтастығын жүзеге асыру. Семинар жұмысына «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі оқыту бойынша әдіскері Р.К. Акаева, №13 "ЭКОС" экологиялық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Д.Е. Токушева, қалалық қоғамдастық жетекшісі З. Х. Гарифуллина және 100-ден астам МДҰ педагогтары қатысты. Сондай-ақ "Нұр бала" балабақшасының мектепалды топ педагогтары оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде өткенін, қызықты және мазмұнды болғанын атап өтті. Баяндамашылар таңдаған материал өзекті, қазіргі заман талаптарына сай, педагогтардың өз жұмысын талдауға және сараптауға мүмкіндік береді.