«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік кабинет «Білім беру ұйымдарын PISA халықаралық зерттеуіне дайындау жүйесі» атты онлайн-конференция ұйымдастырып өткізді.
Конференцияның негізгі мақсаты: оқушылардың алған білімдерін кез-келген оқу және өмірлік жағдайда пайдалануы, негізгі және пәндік құзыреттерді дамыту арқылы өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі басқаруға дайындығы.
Конференция аясында «Білім беру ұйымдарын PISA халықаралық зерттеуіне дайындау жүйесі», «Мектептерді PISA халықаралық зерттеуіне қатысуға дайындау жұмысы» сияқты мәселелер қаралды. Көкшетау қаласының ПШО тренерлерінің қатысушылардың назарына ұсынған шеберлік сыныптарында 15 жастағы оқушыларды креативтілік, сыни ойлау, көшбасшылық сияқты қасиеттерді дамытуға дайындау жолдарының тиімділігі көрсетілді.
Конференция соңында қала оқушыларының халықаралық зерттеуге қатысуына дайындықты жандандыру туралы шешім қабылданды.