"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕ МЕКТЕПТЕР ЖАНЫНДАҒЫ «БІЛІМГЕ ҚҰМАР» МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ (ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ) КУРСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БАСШЫЛЫҒЫ

26.02.2024

 

 

ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕ МЕКТЕПТЕР ЖАНЫНДАҒЫ «БІЛІМГЕ ҚҰМАР»

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ (ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ) КУРСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК БАСШЫЛЫҒЫ  

 

Даярлық курстарының мақсаты балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- баланың мектепте оқуына эмоционалды-оң көзқарасты қалыптастыру;

- болашақ меткеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру;

- «мектепалды даярлық – бастауыш мектеп» сабақтастық қағидасын сақтау;

Балалармен жұмыстың ерекшеліктері:

- белсенді шығармашылық әрекетке баулу;

- жас және жеке ерекшеліктерді ескеру;

- танымдық әрекетке жағдайлар жасау;

- жағымды эмоционалдық көңіл-күй орнату;

Оқытудың әдістері мен тәсілдері:

Сөздік: әңгіме, әңгімелесу, сену, мақтау, мадақтау.

Көрнекілік: бақылау, түсіндіру, үлгіні көрсету.

Практикалық: жаттығу, ойын әдісі, тапсырманы бірге орындау.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрлері: ойын сабақтар, дидактикалық ойын, ертегі, зерттеу, саяхат, байқау.

Баланың мектепте оқуға дайындығының көрсеткіштері:

жеке-тұлғалық дайындығы - оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді,  жаңа білімді алуға қызығушылық танытады);

зияткерлік дайындығы - білім алуға қызығушылықтың, оң көзқарастың болуы;

әлеуметтік-психологиялық дайындығы – ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі.

Курс соңында күтілетін нәтижелер:

- мектепте өзін ұстау тәртібін сақтау;

- гигиеналық ережені сақтау;

- сурет бойынша әңгіме құрастыру;

- өлеңдерді мәнерлеп оқу;

- әңгімені, ертегіні мазмұндау;

- сөздерді дыбыстық талдау;

- дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;

- 10-ға дейін сандар мен цифрларды білу;

- 20-ға дейін санау;

- дәптерді, кітапты, кеңістікті, уақытты бағдарлау;

- қарапайым тапсырмаларды орындау;

- бейнелеу құралдарын қолдану.

 

 

 

Дайындық курсының топтағы бала саны «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 09 шілдедегі № ҚР ДСМ-59  бұйрығына сәйкес анықталады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 26.02.2024 10:38
Құрылған күні: 26.02.2024 10:38

Текст