Көкшетау қаласының білім бөлімін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Көкшетау қаласының білім бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (яғни ХҚКО) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, құжаттармен қоса жүгінуі қажет:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі;
4) ішкі істер органының мінездемесі.
Көрсетілетін қызметті беруші (яғни "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" ММ) құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органының балаға теріс әсер етпейтін ата - ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсатын дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, ал Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және балаға теріс әсер етпейтің ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуге қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсатын алу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органына 50-19-71 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.