"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

09.01.2025

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын (бұдан әрі қарай – Қағидалар) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ келесі бағыттар бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға   конкурс жариялайды:

- ғылыми-техникалық – 60 орын;

- көркемдік-эстетикалық – 90 орын;

- әлеуметтік-педагогикалық – 60 орын;

- гуманитарлық бағыт (тіл курстары) – 50 орын;

- туризм және өлкетану бағыты – 60 орын;

- жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар) -100 орын.

         Конкурсқа қатысу үшін а.ж. 15 қаңтарға дейін (қоса алғанда) «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-ге құжаттарды әзірлеп, тапсыру керек.

         Қағидалардың 66-т. сәйкес, Балаларды қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу оларда мынадан құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

      1) өтініш;

      2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым Жарғысы (ереженің, құрылтай шартының);

      3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау шарты;

      4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалар;

      5) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтер;

      6) жоғары және бірінші санаттағы, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаттары бар педагогтердің олардың жалпы санынан педагогикалық құрамның жалпы санының кемінде 10 пайызы;

      7) қосымша білім беру саласындағы Ұйымның жұмыс тәжірибесі (жарғыға, құрылтай құжаттарымен, шарттармен);

      8) балаларға қосымша білім беру бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      9) рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сәйкес эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама;

 

      10) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (сақтандыруларды) және оның техникалық сипаттамалары;

 

      11) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) қосымша білім беру ұйымдарында күндізгі болу ұзақтығы төрт сағат және одан да көп болғанда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;

      12) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер;

      13) өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері;

      14) Нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптары.

14) нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптары. Нұсқаулыққа сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан (толымдылығына қарамастан) білім беру объектілері міндетті түрде жарақтандырылады:

           1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығымен бекітілген бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау мен халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келетін құлақтандыру жүйесімен;

         2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-ке бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу Қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келетін, полицияның жедел басқару орталықтарына немесе аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріне бейнебейнелерді жіберетін бейнебақылау жүйесі.

      3) аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне шығара отырып, дабыл берудің мобильді және/немесе стационарлық құралымен (дабыл түймесі). Күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне дабыл сигналы түскен кезде ішкі істер органдарын дереу хабардар етеді;

         4) кіруді бақылау және басқару жүйелері (турникеттер), мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін домофон жүйесі қолданылады.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 09-15 қаңтарға  дейін (қоса алғанда) жүрізіледі.  

Комиссия құжаттарды тіркеу аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдар ұсынған  (тігілген, нөмірленген, ұйым басшысының қолымен расталған)  құжаттарды  қарайды. Бір балаға төленетін шығын қала жағдайында 12235 теңге, ауылда 12810 теңге.

Просмотров: 1194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст